...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда мамырдың алғашқы күндері жаңбыр мен найзағай күтіледі

1-3 мамыр аралығында Алматыда ауа райы тұрақсыз болады: қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, алайда ауа температурасы көктемгідей жылы болып қалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда мамыр басында айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жауын-шашын және найзағай күтіледі. 1 мамыр күндіз найзағаймен жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +26…+28°C-қа дейін көтеріледі.

2 мамырда ауа райы сақталады: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с, кей жерлерде екпіні 15 м/с-ке дейін. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

3 мамырда да қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с-ке дейін. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C-қа дейін төмендейді.

Дереккөз: Inalmaty.kz