...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Доллар бағамы қайта көтерілді: Алматыда 463.5 теңгеге жетті

Алматының айырбас пункттерінде американ валютасын 463.5 теңгеден сатып жатыр. 30 сәуірдегі кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1.32-ге өсіп, 463.09 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 30 сәуірдегі ресми доллар бағамы – 461.55 теңге. Ал kurs.kz мәліметінше, Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 462 теңге, ал сату бағамы 463.5 теңге болып тұр.

Дереккөз: Almaty.tv