
Алматыдағы Бас ботаникалық бақ 4 мамырда келушілер үшін жабылады. Бұл күн санитарлық жұмыстарға арналған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімшілік Instagram-дағы ресми парақшада мамыр айындағы жұмыс кестесін жариялады. Онда 4 мамыр күні бақ аумағында жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізілетіні айтылған.
«Құрметті Бас ботаникалық бақтың келушілері! Сіздерге 4 мамырда ботбақтың санитарлық жұмыстарға байланысты жабылатынын хабарлаймыз. Қалған күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз: біз күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейміз. Кассаның техникалық үзілісі: 15:00-15:30», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ ботбақта санитарлық күн техникалық себептермен немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, ауыстырылуы мүмкін екенін ескертті.
Дереккөз: Nur.kz