...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, пәтерін қайта жазуға көндірмек болған

Алматының Түрксіб ауданында полицейлер ауыр қылмыстың алдын алды: 81 жастағы ер адамды ұстап, тұрғын үйін басқа адамдарға қайта жазуға мәжбүрлемек болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полицияға 81 жастағы ер адамның таныс әйелі хабарласып, оның жоғалып кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында зейнеткерді қала маңындағы елді мекендердің біріндегі жергілікті тұрғындардың үйінен тапқан.

Ұрлауға күдікті ретінде екі ер адам мен бір әйел ұсталды. Тергеу мәліметінше, олар қарт адамның сеніміне кіріп, оның бостандығын шектеп, пәтерін басқа адамдарға қайта жазуға көндірмек болған.

Адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасуда.

Дереккөз: Inalmaty.kz