...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 6 000 оқушы «Көгершін» флешмобын өткізді

Медеу ауданының 6 500 оқушысы үлкен флешмобқа қатысып, би арқылы бейбітшілік символы көгершіннің бейнесін жасады. Шара Бірлік күніне орай ұйымдастырылып, 29 мектептің оқушылары әртүрлі этнос өкілдерінің костюмдерін киіп, бірлік пен келісімді паш етті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мерекелер Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайтады. Дайындық 3 күнге созылған.

«Бұл шараға Медеу ауданының 6 500 оқушысы қатысты. Олар әртүрлі этнос өкілдерінің костюмдерін киіп, бейбітшілік пен келісімнің символын жасады. Барлығы 29 мектеп қатысты. Дайындық 3 күнге созылды», — деді Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұралиева.

Дереккөз: Almaty.tv