
Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігіне жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі күнге қозғалыс шектеледі. 30 сәуір сағат 07:00-ден 2 мамыр сағат 07:00-ге дейін Даналық көшесінен Кожедуб көшесіне дейінгі аралық толық жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, жөндеу жүріп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер орнатылады. Жүргізушілерге бағдарды алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Қозғалыс шектеулері туралы толық ақпаратты AlmatyJoly Telegram-арнасынан, әкімдіктің әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ 2GIS және Яндекс Карталар сервистерінен көруге болады, — делінген әкімдік хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz