1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматыда ауқымды мерекелік бағдарлама дайындалды. Негізгі оқиға – Абай алаңында сағат 11:00-де басталатын «Бірлігі жарасқан Алматы» фестивалі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Фестивальде Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Luina, Парвиз Назаров, Роман Ким, Руми және Янис, «Алатау серілері», КешYOU, Baraban’Da show, «Дервиши», IL Canto, Komuz beats топтары, «Бозторғай» фестивалінің солистері, сондай-ақ «Салтанат», «Бахар», «Рухсара», «Нам Сон», «Бастау», «Наири» би ансамбльдері өнер көрсетеді.
Сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін Абай алаңында Dostyk Fest концерті өтеді. Қатысушылар: Айқын Төлепберген, Qanay, Еркеш Хасен, Ayree, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Асет Арыстанбек, Мади Рымбаев, Бағдат Сейт, Hulan-Aru, Досекеш, Балауса Ерғалина, Жарқынай, Назым Әбілдина, Alpha, КешYOU, Astra және Aya funk топтары.
Сондай-ақ 1 мамырда Абай алаңында мерекелік гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылады. 2 мамырда сол алаңда «Отбасы банк» бірлесіп ұйымдастырған «Отбасы Fest» отбасылық фестивалі өтеді.
Мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарын қамтиды:
1 мамыр, сағат 10:00 – Айнабұлақ шағын ауданындағы Мұқатай көшесінде ұлттық киімдер шеруі; 10:00 – Арбатта (Айнабұлақ) мерекелік іс-шаралар және ұлттық киімдер көрмесі.
1 мамыр, сағат 11:00 – Сайран көлінің шығыс жағалауында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, қолөнершілер көрмесі, балалар мен ересектерге арналған аймақтар; Family Park және Сарыарқа скверінде концерттік бағдарлама; С. Сейфуллин атындағы саябақта мерекелік концерт, этномәдени бірлестіктер көрмесі, мектеп оқушылары арасында 3×3 баскетбол жарысы және мерекелік сауда; Бірінші Президент саябағында мерекелік концерт және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі.
30 сәуір, сағат 10:00 – 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында «Единство есть – там есть жизнь» мерекелік бағдарламасы; сағат 16:00 – амфитеатрда (Шұғыла, 347) эстрада жұлдыздарының концерті.
1 мамыр, сағат 14:00 – Абай алаңында «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» шығармашылық ұжымдарының концерті; сағат 19:00 – ашық аспан астында «Болған оқиға» көркем фильмінің көрсетілімі.
Дереккөз: Inform.kz