
Алматы қаласының полиция департаменті «Алко-стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында дүкендерден бір күнде 840 литрден астам алкоголь өнімін тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, рейдтің алғашқы күндері-ақ қоғамдық орындарда ішімдік ішу, заңсыз сату және тәртіп бұзу фактілерінің ондағаны анықталған.
«Біз алкоголь өнімін сатуға, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық орындардағы мінез-құлқына бақылауды күшейттік. Жекелей назар жастар арасындағы профилактикаға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартудың алдын алуға аударылады», — деді Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Полиция тек бір күннің ішінде қаланың әр ауданынан ірі партияларды тәркілеген. Тәркіленген алкоголь өнімінің жалпы көлемі 840 литрден асты.
Дереккөз: Nur.kz