...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда ҰҚК 4 млн халықаралық қоңырау шалған топты ұстады

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті телефон алаяқтығына қатысы бар күдікті қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Олар шетелден қазақстандық абоненттерге халықаралық қоңыраулар жасау үшін байланыс операторларын айналып өтетін схема ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер жалған заңды тұлғалар арқылы виртуалды телефон станцияларын құрып, жергілікті ұялы нөмірлерді сатып алып, зиянды бағдарламаларды қолданған. Осы схема арқылы 4 миллионнан астам қоңырау шалынып, байланыс операторларына 15 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

«Тінту кезінде техникалық құралдар мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу жалғасуда», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Қылмыстық топтың қамауға алынғаны және оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Дереккөз: Nur.kz