
Алматыда аялдамада 68 жастағы әйелге шабуыл жасаған ер адамға қамау бұлтартпау шарасы таңдалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге «қамауда ұстау» санкциясы бекітілген. Тергеу арестке алуды сұраған, прокуратура мен сот қолдаған.
Еске салайық, 23 сәуірде Алматыдағы аялдамалардың бірінде ер адам 68 жастағы әйелге бірнеше рет соққы жасаған. Полиция қылмысты ізін суытпай ашқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Зейнеткерге медициналық көмек көрсетіліп, бас миының компьютерлік томографиясы жасалған. Сараптама нәтижесінде ми қан айналымының жедел бұзылуы және ми шайқалу белгілері анықталмаған.
Шабуылдаушы бұрын сотталған – ол үйіне келген ер адамдардың бірін пышақтап, екіншісіне ауыр дене жарақатын салған. Сот оны қорғаныс деп тауып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Дереккөз: Nur.kz