
ҰҚК прокуратурамен бірлесіп, Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз жинап, сатқан топтың жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тергеу дерегінше, қылмыстық істің фигуранттары жеке деректерді заңсыз жолмен алып, оларды интернет арқылы таратқан. Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.
Операция биылғы жылдың наурыз айында Астана мен Алматыда жүргізілген. Тінту кезінде күдіктілерден компьютер техникасы, электронды ақпарат тасығыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147, 208 және 210-баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
Дереккөз: Inalmaty.kz