...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жол апатынан қайтыс болғандар саны неге азайды: ресми деректер

Соңғы екі жылда Алматы жолдары қауіпсізденіп, ресми деректер мұны нақты растап отыр. 2024 жылы жол-көлік оқиғалары саны 19,5%-ға азайып, 3 358 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылы 4 170 жол апаты болған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 3 358-ге түскен. Қайтыс болғандар саны 2023 жылы 94 адам болса, 2024 жылы 82 адамға азайған. Жарақат алғандар саны 2023 жылы 4 420 адам болса, 2024 жылы 3 680 адамға кеміген.

«Бұл нәтижелер жол қозғалысын ұйымдастыру мен бақылауды күшейтудің арқасында қол жеткізілді. Атап айтқанда, жылдамдықты шектеу, жол инфрақұрылымын жақсарту және бұзушылықтарды анықтайтын камералар санын көбейту сияқты шаралар нәтиже берді», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қаладағы жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2024 жылы 150 жаңа бейнекамера орнатылып, жалпы саны 1 200-ге жеткен. Сондай-ақ, 10 жаңа бағдаршам қойылып, 5 жаяу жүргіншілер өткелі жаңартылған.

Дереккөз: Inalmaty.kz