
27 сәуір 2026 жылы Алматыда Достық және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 15:00-де Медеу ауданында тіркелген. Жүргізуші «ГАЗ» көлігін басқарып, Достық даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, рульдік басқаруды жоғалтқан.
Салдарынан ол жасыл желектерді қағып, көлік аударылып, фонарь бағанасына соғылған. Бақытына орай, оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жағдайды анықтап жатыр.
Дереккөз: Nur.kz