
Алматыда 26 сәуір күні өткен жалпықалалық сенбілікке қалалық полиция департаментінің қызметкерлері де қатысып, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жеке құрам бекітілген учаскелерге шығып, аумақтарды тазалап, қоқыс жинап, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтірді.
Полицейлердің сенбілікке қатысуы — тазалық, тәртіп және жайлы қала ортасын сақтауға қосқан үлесі. Мұндай акциялар жүйелі түрде өткізіліп, полиция қызметкерлерінің қала мен тұрғындарға деген жауапкершілігін көрсетеді.
Дереккөз: Almaty.tv