
25 сәуірде Алматыда «SuperStar KZ» жобасының кастингінің алғашқы күнінде 150-ден астам үміткер бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматыға дейін іріктеу еліміздің сегіз өңірінде өткен. Кастинг 4 сәуірде басталып, бүгін, 26 сәуірде, «Qazaqstan» телеарнасының алматылық филиалында аяқталады.
Сынамаға 16 бен 25 жас аралығындағы қазақстандықтар шақырылған.
Сонымен қатар, рок-музыка жанкүйерлері Алматыда өткен Deep Purple тобының шоуынан алған әсерлерімен бөлісуде.
Дереккөз: Zakon.kz