
Орал қаласында 21-23 сәуір аралығында өткен Қазақстан Республикасының қолма-қол ұрыстан жасөспірімдер мен ересектер арасындағы чемпионатында Алматы құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Турнирге еліміздің 20 өңірінен 310 спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Спортшылар 16–17 және 18–23 жас санаттарында сәтті өнер көрсетіп, бірнеше алтын, күміс және қола жүлделерді иеленді.
16–17 жас санатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
- Қуанышпаев Арыслан (52 кг) — I орын,
- Нурамбеков Наиль (57 кг) — I орын,
- Муталипов Акрамжан (57 кг) — II орын,
- Қайратұлы Алихан (62 кг) — III орын,
- Сапарбаев Оразхан (67 кг) — I орын,
- Рысбек Фархат (+80 кг) — III орын.
18–23 жас санатында үздіктер:
- Нұрғали Ақерке (48 кг) — I орын,
- Нұрғали Ақпейіл (53 кг) — II орын,
- Оралбеков Темирлан (62 кг) — I орын,
- Турсын Елдос (88 кг) — I орын.
Дереккөз: Almaty.tv