...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Жеке вагон иелері қатаң жазаға тартылады: Алматыда 50-ге жуық адам уланды

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматыдағы станцияда жеке вагонда 50-ге жуық адамның улы газбен улануына қатысты пікір білдірді. Оқиға оңтүстіккореялық сериалдың түсірілімі кезінде болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өткен жылдың желтоқсан айының ортасында жоба аясында ондаған адам вагонда улы газбен уланған. Олар массовкаға тартылған. Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, бұзушылық анық, вагон жолдан алынып тасталған.

Қазір тергеу аяқталып келеді, вагон иелері қатаң жазаға тартылады. Тікелей бұзушылық бар, оны заң жүзінде дұрыс ресімдеу керек. Улану фактісі айқын, оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Заң аясында өте қатаң жазаланады, — деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Министрдің айтуынша, жеке вагонда жылу жүйесі жұмыс істемеген. Түсірілім процесін тоқтатпай, оны қолдан жасалған жабдықпен жылытуды шешкен. Нәтижесінде 47 адам ауруханаға түскен, оның 11-і балалар. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: Almaty.tv