
Абылхан Қастеев атындағы өнер мұражайында қазақстандық суретші Айгерим Карибаеваның «Моё небо надо мной» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияға автордың соңғы бес жылда салған 30-ға жуық кескіндеме туындысы қойылған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Картиналарда ана болу, балалық шақ және адамның ішкі әлемі бейнеленген. Суретшінің айтуынша, оның шығармашылығы «этномодерн» бағытынан тереңірек жеке философияға ұласқан. Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.
«Менің барлық кескіндемем – өз өмірімді, өз ішкі әлемімді зерттеу. Мен бастан кешкен процестер мен сезімдерді кенепке төгемін. Бұл жұмыс – 2026 жылғы соңғы туындылардың бірі. Маған ондағы аңғалдық пен жеңілдік ұнайды, бұл – мен бүгін ұмтылып отырған бостандық. Тағы бір үлкен жұмыс – шамамен 5 жыл бұрын салынған «Ұмай» атты туынды», – деді суретші Айгерим Карибаева.
Дереккөз: Almaty.tv