
Алматыда қала көшесінде дрифт жасап, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізуші ұсталды. Ол жол қозғалысы ережесін бұзып, апаттық жағдай туғызған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның жедел әрекетінің арқасында құқықбұзушылық уақытында тоқтатылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылып, жүргізуші жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Біз әлеуметтік желілерде контент үшін жасалатын көрсетпелі қауіпті жүргізу жағдайларының өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Мұндай әрекеттер үшін жауап беруге тура келетінін ескерткім келеді. Бірде-бір факт назардан тыс қалмайды, — деді Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.
Дереккөз: Almaty.tv