...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші бес тәулікке қамалды

Алматыда қала көшесінде дрифт жасаған жүргізуші ұсталды. Оның әрекеті жол қозғалысы ережесін бұзып, апаттық жағдай тудырған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері бұзушылықты тез арада тоқтатты. Көлік айыппұл тұрағына жіберіліп, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке қамалды.

«Біз әлеуметтік желілерге контент үшін жасалатын қауіпті жүргізудің өсіп келе жатқанын байқап отырмыз. Мұндай әрекеттер үшін жауап беруге тура келетінін атап өткім келеді. Бірде-бір осындай факт назардан тыс қалмайды», — деді Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.

Бұған дейін Алматыда Әл-Фараби даңғылында бірнеше жүргізуші жарыс ұйымдастырып, ұсталған болатын. Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу салдарынан ажал апаты болды. Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Mercedes-пен соқтығысқан. Соққыдан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасының тергеу барысы Мемлекет басшысының бақылауында.

Дереккөз: Inform.kz