...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы KITF-2026: туризмнің жаңа бағыттары белгіленді

Алматыда 24-ші рет өтіп жатқан «Туризм және саяхат» халықаралық көрмесі (KITF) қазақстандық туризмнің дамуына жаңа серпін беруде. Соңғы төрт жылда қатысушылар саны 2,5 еседен астам өсіп, 2026 жылы 24 елден 414 компания жиналды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Көрме алаңында шетелдік және қазақстандық стендтер заманауи технологиялар мен тосын сыйлар арқылы әр дестинацияның атмосферасын сезінуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар мен туристік компаниялар өкілдері байланыс орнатып, меморандумдарға қол қоюда.

Гоа штатының туризм министрі Рохан Кхаунте: «Гоада 1,5 млн адам тұрады. Олар үшін Қазақстан – тау, табиғат сүйер қонақтарға қолайлы бағыт. Біз бір-бірімізді толықтырамыз», – деді.

Алматы өз павильонында қонақтарды мегаполистің басты көрікті жерлерімен таныстырады. 2025 жылы Қазақстанға келген 10 млн туристің 2,5 млн-ы Алматыға сапар шеккен. Қазір қалаға ай сайын 180–200 мың турист келеді. Қонақ үй қорын кеңейту мақсатында 388 қонақ үйдегі 12,5 мың нөмірге 2028 жылға қарай тағы 70 орын (7 763 нөмір) қосылады.

2025 жылдың соңында Bloomberg басылымы Алматыны 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдік 25 үздік туристік бағыттың тізіміне енгізді. KITF сияқты іс-шаралар мегаполиске туристерді тарту процесін жеделдетеді.

Дереккөз: Inform.kz