
Алматы маңында болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда Toyota көлігінің басқа автокөліктердің арасында маневр жасап, содан кейін жол жиегінде тұрған жүк көлігіне толық жылдамдықпен соғылғаны көрінеді. Басқа кадрларда соқтығыстан кейін өрт шыққаны байқалады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы – Бішкек тас жолының 19-шақырымында болған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 сәуірде түнде Алматыда жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған бірнеше автокөлікті соққан.
Дереккөз: Zakon.kz