...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Бостандық ауданында белгісіз біреулер көлікті қорлайтын жазулармен бояп кетті

Алматының Бостандық ауданында белгісіз біреулер көлікке қорлайтын жазулар жазып, иесі полицияға арызданды. Қазір тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда белгісіз біреулер көлікке қорлайтын жазулар жазып, оны бүлдірген. Оқиға қаланың Бостандық ауданында болды. Көлік иесі мүлікті бүлдіру фактісі бойынша полицияға арызданған.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша тексеру жүргізілуде. Қажетті процессуалдық іс-шаралар тағайындалып, құқық бұзушыны анықтау үшін бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде.

Ведомство мұндай заңсыз әрекеттердің заңдық бағасыз қалмайтынын атап өтті. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлға заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz