...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда заңсыз кафе үстемесі бұзылды

Алматыда Поддубный көшесінде заңсыз салынған кафе бұзылды. Нысанды меншік иесі бұзушылықтар анықталғаннан және тиісті нұсқама берілгеннен кейін өз еркімен бөлшектеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы Поддубный көшесі, 119 мекенжайындағы заңсыз нысанның бұзылғанын хабарлады. Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсат құжаттарынсыз өз бетімен үстеме салғаны анықталды. Кейін бұл нысан жазғы кафе ретінде пайдаланылған.

Тексеру қорытындысы бойынша иесіне бұзушылықтарды жою және заңсыз құрылысты бөлшектеу туралы нұсқама берілді. Қазіргі уақытта меншік иесі үстемені өз еркімен бөлшектеді.

Дереккөз: Inalmaty.kz