...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы үш тұрғын үй кешені жарықсыз қалды: құрылыс компаниясының қарызы 60 млн теңгеден асты

Алматыда бірнеше тұрғын үй кешені электр қуаты үшін қарыздар салдарынан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде River City, New Life және Adele тұрғын үй кешендерінің тұрғындары Төле би көшесінің жүріс бөлігін жауып тастағаны туралы ақпарат пайда болды. Себеп — олардың үйлеріндегі электр қуатының үздіксіз өшірілуі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ (АЖК) жағдайға түсініктеме беріп, тұрғын үй кешендерінің жарықсыз қалу себебін түсіндірді. Анықталғандай, мәселе құрылыс компаниясының орасан зор қарызында жатыр.

— 2026 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-нің «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ «Энергосбыт» филиалы алдындағы электр энергиясы бойынша берешегі 60 749 265,44 теңгені құрайды. Бұл берешек соңғы 4 ай ішінде төлемдердің болмауынан пайда болды, — деп түсіндірді АЖК-де.

Компанияда энергия өндіруші ұйымдар алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындауға жауапты екендерін атап өтті. Уақтылы төленбеген төлем жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қосымша қаржылық жүктеме тудырады.

— Осыған байланысты электр энергиясын шектеу шаралары тек ең соңғы және мәжбүрлі шара ретінде қолданылатынын атап өтеміз, — деп қосты АЖК-де.

Сонымен қатар, компания әрбір тұрғынның жеке төлемдері немесе қаражатты ішкі бөлу тәртібі туралы ақпаратқа ие емес. Бұл ішкі электр желілері құрылыс компаниясының немесе басқарушы ұйымның (КСК, ОСИ, БҰ) балансында болуына байланысты. Төлемдерді есептеу және жинау да осы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Бұған дейін алматылықтарды 23-27 маусым аралығында жарықтың кезекпен өшірілетіні туралы ескерткен болатын.

Дереккөз: Inform.kz