
Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасы 488 теңгеден сатылуда. 22 маусымдағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 486,99 теңгені құрап, 1,19 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми доллар бағамы 488,37 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 487 теңге, сату бағамы 488 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv