...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда нөмірсіз көлік жүргізіп, видео түсірген жас жүргізуші жазаланды

Алматыда интернет-кеңістікті мониторингтеу барысында Toyota көлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін әдейі асырып, өз әрекеттерін камераға түсірген видео анықталды. Бұл кезде мемлекеттік тіркеу нөмірі көлік салонында болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары бұзушының жеке басын анықтады: ол 20 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Нәтижесінде ол мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізгені және арнайы дыбыстық құрылғыны заңсыз орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Бұған дейін қазақстандық әйелдің әсерлі жарнама үшін қозғалып келе жатқан көліктің терезесінен шығып, Жол жүрісі ережелерін бұзғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz