...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тауында 4 мың метр биіктіктен екі жасөспірім құтқарылды

Алматыдағы Сатпаев шыңында 4 мың метрден астам биіктікте екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 20 маусым күні кешке болған: Сатпаев шыңында 4 мың метрден астам биіктікте оқыс оқиға туралы хабарлама түскен. 2008 жылы туған екі жасөспірім өрмелеу кезінде өз бетімен түсе алмаған.

Олармен байланыс ұсталып, орналасқан жері анықталған.

Бүгін, 21 маусымда, құтқарушылар жасөспірімдерді экопостқа аман-есен түсірген, онда оларды ата-аналары күтіп тұрған. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Бұған дейін Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында құтқарушылар суға батып бара жатқан қызға көмекке келген болатын.

Дереккөз: Zakon.kz