
Алматы қаласында 2026 жылға арналған кондоминиум нысанын басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері бекітілді. Ол 2026 жылға белгіленген 0,016 АЕК мөлшерінде, яғни айына бір шаршы метр үшін 70 теңгені құрайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шешім 28 маусымнан бастап күшіне енеді.
Өткен жылы Алматы қаласында кондоминиум нысанының ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері 1 шаршы метр үшін 40 теңге болғанын атап өткен жөн.
Біз Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифтері өскені туралы хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: Zakon.kz