
Синоптиктер 19 маусым, жұма күні Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы болатынын айтты. Болжам OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматыда аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз температура +29 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с құрайды.
Астана тұрғындарына да аздаған жаңбыр болжанып отыр. Күндіз ауа +31 градусқа дейін жылынады, түнде температура +19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,0 м/с.
Шымкентте бүгін де аздаған жаңбыр уәде етілді. Күндіз термометр бағандары +34 градусқа дейін көтеріледі, түнде +19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с деңгейінде болады.
Дереккөз: Nur.kz