
Алматыда рұқсат құжаттарынсыз салынған дүкен ғимараты бұзылды. Меншік иесі нысанды өз бетінше сүріп тастады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзылған нысан Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен болған. Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптама қорытындысыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салынғаны анықталды.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, жіберілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама талаптарын орындау аясында қазіргі уақытта заңсыз құрылысты меншік иесі өз бетінше бөлшектеді, — делінген әкімдік хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz