...
... Алматы
USD
EUR
RUB

19-21 маусымда Астана, Алматы және Шымкентте жаңбыр мен 35°С ыстық күтіледі

19-21 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы өзгермелі болады, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда 18-20 маусымда ауа температурасы +43°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Астана: 19 маусымда ауа айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз күшті ыстық +33+35°С. 20-21 маусымда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз күшті ыстық +33+35°С.

Алматы: 19 маусымда айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С. 20-21 маусымда айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.

Шымкент: 19 маусымда айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +33+35°С. 20 маусымда айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +33+35°С. 21 маусымда айнымалы бұлтты, уақытша жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +33+35°С.

Дереккөз: Zakon.kz