...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыдағы «резеңке пәтерде» 990 адамды тіркеген: иесі сотталды

Алматыда азаматтарды заңсыз тіркеу схемасының жолы кесілді. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі. Тексеру барысында Наурызбай ауданындағы бір бөлмелі пәтердің иесі ақшалай сыйақы үшін 990 адамды нақты тұрмай-ақ жалған тіркегені анықталды.

Осы факті бойынша Наурызбай ауданы прокуратурасы ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Сот «резеңке пәтер» иесін кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Прокуратура көші-қон заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, оны бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертті.

Дереккөз: Inalmaty.kz