...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жаңа туған нәрестелерге ең танымал есімдер аталды

Жыл басынан бері Алматыда 17 498 баланың туғаны тіркелді. Оның ішінде 9 116 ұл және 8 382 қыз бала бар, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Биыл ұл балаларға ең жиі қойылған есімдер – Алан, Алихан және Мұхаммед. Қыздарды көбінесе Айлин, Асылым және Томирис деп атаған.

Мемлекеттік корпорацияда баланың тууын тіркеудің бірнеше жолы бар екенін атап өтеді. Босанғаннан кейін бір тәулік ішінде ананың телефонына 1414 нөмірінен SMS келіп, қызметті проактивті форматта рәсімдеу ұсынылады. Сондай-ақ тіркеу екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, электронды үкімет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді.

Бұдан басқа, бала туған кезде мемлекеттік біржолғы төлем қарастырылған: бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 айлық есептік көрсеткіш, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК. Егіз, үшем немесе одан көп бала туғанда жәрдемақы әр балаға жеке тағайындалады.

Дереккөз: Inalmaty.kz