
18 маусым, бейсенбі күні Алматыда ыстық ауа райы сақталып, қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Түнде ауа температурасы +19–21 °C, айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа +30–32 °C-қа дейін жылиды. Синоптиктер қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болжап отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарына күн жоспарын құру кезінде болжамды ескеру және найзағай кезінде желдің күшеюі мүмкін екенін есте сақтау ұсынылады, — делінген хабарламада.
Дереккөз: Almaty.tv