
Алматыда татар мен башқұрт халқының ең жарқын ұлттық мерекелерінің бірі – Сабантуй кең көлемде аталып өтті. Мегаполистегі халықтық тойлауға түрлі ұлт өкілдерінен мыңдаған қала тұрғыны жиналды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бай мәдени бағдарлама дайындалды: шығармашылық ұжымдардың концерттері, ұлттық ойындар, спорттық жарыстар және халық шығармашылығының көрмелері. Мерека дәстүрлі түрде әртүрлі ұлт адамдарын біріктіріп, оларды түркі халықтарының бай тарихы, мәдениеті және әдет-ғұрыптарымен таныстырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматы үшін бұл мереке бұрыннан достық пен мәдени алуандықтың символына айналған.
«Сабантуй мерекесін біз 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келеміз, ол ЮНЕСКО-ға енген, бүкіл әлемде атап өтілетін үлкен мереке. Бұл бұрын егіс алдындағы еңбек мерекесі еді. Қазір оны ауыстырып, егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін атап өте бастады, адамдар қуанып, араласуға келеді, ең бастысы – қарым-қатынас», – деді «Идел» татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығының жетекшісі Виктория Шарипова.
Дереккөз: Almaty.tv