
Алматыдағы кіреберіс бекеттерінің бірінде полицейлер Mercedes Sprinter автокөлігін тоқтатып, салонынан әкелуге тыйым салынған вейптер тауып, тәркіледі, деп хабарлады қалалық ПД. Полиция мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырған, сондықтан көлікті тексеру туралы шешім қабылданған. Тексеру барысында автокөлік салонынан әкелуге және сатуға тыйым салынған никотин тұтынудың электронды жүйелері – вейптер табылып, тәркіленді. Жүргізушінің айтуынша, ол жүкті курьер ретінде тасымалдаған. Бұл нұсқа қазір тексерілуде. Факті бойынша сотқа дейінгі тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Inalmaty.kz