
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, шектеулер 20 маусымға дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шемякин көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты 15 маусым сағат 7:00-ден 20 маусым сағат 22:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Хмельницкий көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.
Жүргізушілерді алдын ала бағдарын жоспарлауға шақырамыз, — делінген хабарламада.
Дереккөз: Nur.kz