...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі 14 маусымнан жабылады

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі жөндеуге байланысты жабылады. 14 маусымнан бастап оңтүстік бағытта, Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеу туралы ақпарат Almaty Joly Telegram-арнасында жарияланды.

Масанчи көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскесін абаттандыру жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеулері енгізіледі, — делінген хабарламада.

Алматы тұрғындарына 14 маусымнан бастап Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аралықта оңтүстік бағыттағы қозғалыстың жабылатыны ескертілді.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп хабарлайды Telegram-арна.

Дереккөз: Nur.kz