
Алматы облысында тауда адасқан оқушыны құтқарушылар сәтті эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы хабарлама балалардың бірінің әкесінен түскен. Оның айтуынша, 2013 жылы туған ұлы досымен бірге Бутаков шатқалына қарай бет алған. Бұл туралы ТЖМ-ге сілтеме жасап, Kazinform хабарлайды.
Жасөспірімнің соңғы белгілі геолокациясы Фурманов шыңындағы «Панорама» баспанасының маңында тіркелген. Онымен байланыс болмаған.
Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін таулы аймаққа Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің экипажы дереу жолға шықты. Маршрутты тексеру барысында құтқарушылар жасөспірімді тауып, оны төменге алып шығып, ата-анасына тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушылар еске салады: тауға шығар алдында жақындарыңызға өз маршрутыңызды, қайтудың болжамды уақытын міндетті түрде хабарлап, байланысты ұстап тұру қажет.
Еске салайық, жаздың басталуымен және Алматы тауларында туристер санының артуына байланысты құтқарушылар мәлімдеме жасады. Олар адамдарды ауа райы болжамын мұқият қадағалауға, өз күштерін бағалауға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Дереккөз: Inform.kz