...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 12 жасар баланың өліміне әкелген жасөспірімдер қақтығысы тергелуде

Алматыда 12 жасар баланың қазасына байланысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде балаға, болжам бойынша, екі 13 жасар жасөспірім бірнеше пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат пайда болды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 10 маусымда Түрксіб ауданында пышақ жарақатынан 12 жасар жасөспірім қайтыс болды. Қылмыс жасауға күдікті ретінде Алматының 13 жасар тұрғыны, бұрын жәбірленушімен таныс болған адам ұсталды.

— Алдын ала анықталғандай, жарақаттар кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында келтірілген. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мекемеге орналастырылды, — деп атап өтті ПД баспасөз қызметі.

Өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Объективті тергеу және барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде.

Сонымен қатар, тергеу нәтижелері бойынша ата-аналарды бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілетін болады.

Бұған дейін Талдықорғанда 20 жасар студенттің өлтірілгені хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz