
Қалалық құрылыс бақылау басқармасы Алматы халықаралық әуежайының терминалында құбырдың құлауына байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта ведомство қажетті материалдарды жинап, оқиғаның мән-жайын анықтап, кейін тексеруді прокуратура органдарында тіркеу үшін жұмыс жүргізуде.
— Жоспардан тыс тексеру аясында құрылыс нормаларының сақталуына және жұмыс өндірісін ұйымдастыруға құқықтық баға беріледі. Егер бұзушылықтар анықталса, кінәлі тұлғаларға қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қолданылады, — деп мәлімдеді басқармадан.
Еске салайық, 11 маусымда әуежай аумағында құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс конструкцияларының (құбырлардың) құлауы орын алды.
Дереккөз: Inform.kz