...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы әуежайында шетелдік әйелдің багажынан 21 кг марихуана табылды

Алматы әуежайында есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетінің жолы кесілді. Шетелдік әйелдің багажынан 21 келіге жуық марихуана табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

ҚР ҰҚК мәліметінше, операция 30 мамырда жүргізілген. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетелдік азаматшаның багажын тексеру кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлері 21 келіге жуық өсімдік тектес затты, болжам бойынша марихуананы анықтаған.

Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды. Осы факті бойынша полиция органдары ҚР ҚК 286-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ҰҚК тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттың ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын атап өтті.

Дереккөз: Inalmaty.kz