
Алматы полицейлері 8-шағынаудандағы футбол алаңындағы оқиға бойынша тергеу бастады. Куәгерлердің айтуынша, онда бала зардап шеккен. Болған жайдың мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы тұрғынының айтуынша, 8-шағынаудан, 55А мекенжайындағы спорт алаңында жанжал болып, оның кәмелетке толмаған ұлы дене жарақатын алған. Оның сөзінше, оқиғаны куәгер бейнеге түсіріп алған. Оқиғадан кейін бала күйзеліс жағдайында және көшеге шығудан қорқады, деп мәлімдейді ана. Әйел полицияға жүгінген.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факт бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Дереккөз: Inalmaty.kz