
10 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 488.59 теңгені құрап, 1.24 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 10 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы 490.21 теңгені құрайды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 486 теңге, ал сату бағамы 489 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv