...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда 11 маусымда су беру шектеледі: мөлшері мен уақыты

Алматыда 11 маусымда Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданында суық су беру уақытша шектеледі. Шектеулер күндізгі уақытта инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстар жүргізуге байланысты болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы Су» МКК мәліметінше, 11 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Алатау ауданының Мәдениет шағын ауданында орналасқан көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерге суық су беру уақытша шектеледі. Шектеулер суық сумен жабдықтау желілерінде жұмыстар жүргізуге байланысты.

Компания тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдап, қажет болған жағдайда суды алдын ала жинап қоюды сұрады.

Дереккөз: Inalmaty.kz