
6 маусымнан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын байланыстыратын №134 және №140 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 5 маусымда Алматы көлік холдингінің Telegram-арнасында хабарланды. Жаңа қызыл автобустар осы екі бағытта қызмет көрсететін болады.
№134 бағыты бойынша өзгерістер:
- Солтүстік бағыт: Мәмбетов көшесі – БАК бойындағы көше – Солтүстік айналма тас жолы – «Қарасу шағын ауданы» соңғы аялдамасына дейін. Соңғы аялдама ауыстырылады.
- Кері бағыт: «Қарасу шағын ауданы» соңғы аялдамасынан бастау – Солтүстік айналма тас жолы – Бұрындай тас жолы – әрі қарай схема бойынша.
- Батыс бағыт: Аэродромная көшесі – соңғы аялдамаға дейін.
- Кері бағыт: соңғы аялдамада бұрылыс – Аэродромная көшесі – Бұрындай тас жолы – Солтүстік айналма тас жолы – БАК бойындағы көше – Мәмбетов көшесі – әрі қарай схема бойынша.
№140 бағыты бойынша өзгерістер:
- Солтүстік бағыт: Бұрындай тас жолы – «Әубәкіров көшесі» соңғы аялдамасына дейін.
- Кері бағыт: «Әубәкіров көшесі» соңғы аялдамасынан бастау – оңтүстік бағытта бұрылыс – Бұрындай тас жолы – әрі қарай схема бойынша.
- Батыс бағыт: Бұрындай тас жолы – Солтүстік айналма тас жолы – БАК бойындағы көше – Саин көшесі – Сорбұлақ трактісі – әрі қарай схема бойынша.
- Кері бағыт: Сорбұлақ трактісі – Саин көшесі – БАК бойындағы көше – Солтүстік айналма тас жолы – Бұрындай тас жолы – әрі қарай схема бойынша.
- Батыс бағыт: Сорбұлақ трактісі – БАКАД-қа (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) шығу – БАКАД-тан Жайнақ ауылы арқылы түсу – Көшелекөв көшесі – Сейдалиев көшесі – Әзірбаев көшесі – әрі қарай схема бойынша.
- Кері бағыт: Әзірбаев көшесі – Сейдалиев көшесі – Көшелекөв көшесі – Жайнақ ауылы арқылы өту – БАКАД-қа (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) шығу – Сорбұлақ трактісі – әрі қарай схема бойынша.
Дереккөз: Zakon.kz