
Алматыда демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады: алдымен қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай өтеді, алайда 8 маусымға қарай қалада ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріліп, ыстық ауа райы орнайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
6 маусымда Алматыда ауа райы айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батыс және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +23…+25°C болады.
7 маусымда қалада айнымалы бұлттылық сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, күндіз +28…+30°C-қа дейін жылиды.
8 маусымда Алматыда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Оңтүстік-шығыс және оңтүстіктен соғатын жел секундына 3-8 метр. Түнде температура +16…+18°C деңгейінде сақталады, күндіз күшті ыстық +30…+32°C-қа дейін жетеді.
Дереккөз: Inalmaty.kz