
Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды 490 теңгеден сатып жатыр. 4 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485.18 теңгені құрап, 3.63 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 4 маусымдағы ресми доллар бағамы 489.31 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 487 теңге, сату бағамы 490 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv