
Алматыда 4 маусым күні болған жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазселденқорғау» ММ гидробекеттерінің бақылаушылары гидротехникалық құрылыстарды тексерген — деформациялар мен жарықтар анықталмаған, жағдай тұрақты.
«Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 4 маусымда сағат 21:22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының дерегінше, эпицентр Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 316 км жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Координаттары: 44.547° с.е., 80.405° ш.б. Тереңдігі 30 км. Алматыда сезілуі 2 баллды құрады.
Дереккөз: Nur.kz